Жаңа премьерге сол баяғы ескі проблемаларды шешу міндетін артты
Үкімет отставкаға кеткен соң екі күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі басты проблемаларды тізіп сөйледі. Оларды шешу міндеті жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов пен оның командасына жүктеледі.