Сыртқы істер министрі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қатысты
ЖЕНЕВА.KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-ші сессиясының Жоғары деңгейдегі сегментіне және БҰҰ жаһандық алаңының басқа да іс-шараларына қатысу үшін Женеваға келді. Отырысқа 100-ден астам мемлекеттердің жоғары өкілдері, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк қатысты.