Газада кем дегенде 1,1 млн адамға ашаршылық қаупі төніп тұр – БҰҰ
АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторындағы кем дегенде 1,1 миллион адамның азық-түлік қоры таусылған. Оларға алапат ашаршылық қаупі төніп тұр. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте Газа мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.