Ақтаулық оқушы: Ерікті болу – ел игілігіне жұмыс істеу
АҚТАУ. KAZINFORM – Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген еріктілердің қоғамдағы атқаратын қызметі орасан. Осындай игілікті істің басы-қасында жүрген ақтаулық мектеп оқушысы Амангүл Жансен еріктілер қатарында пайдалы іске өз үлесін қосуда.