Әлемдік футбол жұлдызы су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік отбасылармен кездесті
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Франция ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы Клод Макелеле Ақтөбе облысында құрылған қоғамдық штаб өкілдерімен бірге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жатақханасындағы уақытша орналастыру пунктіне барып, су тасқынынан зардап шеккен отбасылармен кездесіп, жағдайларымен танысты.