Қазақстандықтар «Менің Туым» акциясына белсенді атсалысуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде #МеніңТуым #МойФлаг хэштегімен басталған ауқымды акция өз жалғасын тауып келеді. Қазірге дейін 700-ге тарта адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен селфи түсіріп әлемжеліге салып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.