Түркістан облысында қарапайым заттар экономикасы қарқынды дамып келеді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында «қарапайым заттардың экономикасы» жобалық кеңсе жиынын өткізді. Онда шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту мәселелері әңгіме арқауына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.