Таразда үстіне қабырға құлап кеткен әйел көз жұмды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы Жамбыл алаңында бұрынғы «Шахристан» базарының қабырғасы құлап, сол жерден өтіп бара жатқан әйелді басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.