Автофургон мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Үндістандағы Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген автофургон жүк көлігімен соқтығысып, кем дегенде сегіз адам мерт болып, тағы екеуі ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды The Times of India газеті.