Көкшетаудың автобус аялдамаларында пандустар тапшы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың автобус аялдамаларында пандустар тапшы. Бұл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы бірлесіп жүргізген арнайы мониторинг кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.