«Қазақфильмнің» екі туындысы Башқұртстаннан жүлделі оралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24-27 тамыз аралығында Башқұртстанның Уфа қаласында өткен 4-ші халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивалінде «Қазақфильмнің» екі фильмі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.