Түркістан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы жанданады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тұрақтандыру қоры жұмысының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуге бағытталған жаңа механизм әзірленді. Осыған байланысты өңірде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның селекторлық кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.