Қасқырдың жасаған қамқорлығы
Ерте заманда шағын шаруалы бір адам өмір сүріпті. Оның үш баласы, әйелі, өзі, одан басқа ешкімі болмапты. Балаларының есімі бір-біріне ұқсас болыпты. Ең үлкен баласының есімі Қапты, ортаншы баласының есімі Бапты, кіші баласының есімі Сақты болыпты. Осы адамның өзінің бағы болған, алмалары өте ірі болған. Сонан Қапты, Бапты, Сақты үшеуі күн сайын алма бақ ағашын күзетіп жүріпті. Күн сайын ағаштан біртіндеп алма жоғала береді. Сонан бір күні алма ағашын күзетуге Қапты, Бапты, Сақты үшеуі келсе, бір құс алманы шоқып жеп отыр екен. Үшеуі шап беріп құсты ұстап алады. Құс зорға талпынып, бір қанатын жұлдырып ұшып кетеді. Сонан үшеуі үйіне келіп,...