Түркістанда АҚШ технологиясымен жаңбырлатып суару тәсілі қолданыла бастады
![Түркістанда АҚШ технологиясымен жаңбырлатып суару тәсілі қолданыла бастады](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/10/10/191010191138316e.jpeg)
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының маңында диқандар егістікті АҚШ-тан әкелінген арнайы техника арқылы жаңбырлатып суара бастады. Мамандардың айтуынша, бұл – өте тиімді тәсіл. Осы бастама арқылы өнім түсімі екі-төрт есеге дейін артады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.