Менің сүйікті ұстазым
Ұстаздардың мейірімділігі
Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.
Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой. ...