Дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің ІІ облыстық форумы
Талдықорған өңірінде Алматы облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің ІІ облыстық форумы болып өтті.
Жүз отызға жуық ұлт пен ұлыстың басын қосқан қазақ елі үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны ерекше. «Рухани келісім»-бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақынына көмек күні деп таниды. Негізгі қағидалары – «Дінаралық сыйластық! Еш қақтығыссыз! Қайырымдылық пен ізгілік!»
Осы мақсатта орай Талдықорған өңірінде Алматы облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің ІІ облыстық форумы болып өтті. Форумға дін өкілдері мен рухани қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, белгілі ғалымдар мәдениет қайраткерлері БАҚ өкілдері жиналды.
Аталмыш форумда үндеуі қабылданып, ауданымыздың 3 қызметкері марапатталды....