Жамбыл облысының 80 жылдығына орай 80 том кітап жарық көреді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуын атап өту бойынша басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.