Шардаралық 11 спортшы қол күресінен әлем чемпионы атанды
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Румыния елінің Констанца қаласында қол күресінен Әлем чемпионатына шардаралық спортшылар да қатысқан болатын. Әлемнің 55 елінен жиналған қол күрес шеберлері арасынан суырылып шыққан 11 спортшы халықаралық додада чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.