Бағаны тұрақтандыруда жүйелі жұмыстар қажет – Асқар Мырзахметов
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мен бақылауда ұстау – басты назарда болмақ. Бұл орайда аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тұрақтандыру қорының коммуналдық дүкендерін көбейтудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.