Жұма күні батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 29 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстікте жел күшейеді. Өзге аймақтарда тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.