Шаншар атайдың шертпегі
Шаншар атай қызық өзі. Бала біткенге бүйідей тиеді. Қашан көрсең, шертпек алып жатқаны балалардың шекесінен. Ауылдағы бала біткен Шаншар атайға басын тосуды кешпес қарыз деп біледі. Кімде-кім шақырғанына бармай, қиқаңдап қашып кетсе, Шаншар қарт ерінбей жалықпай, оны кешке үйіне әдейілеп іздеп барып, шертпекті әке-шешесінің көзінше алады. Атай енді аямайды, бағана қашқаныңның жазасына деп, аузына неше шертпектің саны түссе, соны алады. Үш іліксе — үшеу, бес деп қалса — бесеу, он бес деді екен — он бес.
Бір қызығы, ауылда жан адам ол кісінің бетін қағып көрген емес. «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқтың» дәл өзі бұл Шаншар атай. Бұған...