16 желтоқсанда ұсталғандар қалай жазаланды?
Желтоқсанның 16-сы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен билікке қарсы шараларда полиция ондаған адамды көшеден ұстап әкетті. Кейбір белсендіні полицейлер шара өтпей жатып үйлерінен алып кеткен Олардың біразына полиция хаттама толтырған. Кейбіріне әкімшілік көшпелі сот "заңсыз митингке қатысу" бабы бойынша айыппұл салған. Қамалғандар да бар.