28 жылда Қазақстанға қанша инвестиция тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда инвестициялық салада ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел егемендігінің алғашқы онжылдығында шетелдік инвесторлардың жаңа перспективалы жобаларға инвестиция салу ұсыныстары белсенді қабылданды. Қазақстан қалыптасу жылдары сыртқы қолдауды қажет етті, осы жағдайда шетелдік инвестициялар ағымы ел экономикасының жоспарлы дамуына ықпалын тигізді. Тіпті, қандай да бір шамада ол өсу драйверіне айналды. Бүгінде Қазақстан тиімді инвестициялар салу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует тудырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.