Сотқа 2 мың теңге жібергенге 353,5 мың теңге айыппұл салынды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыйлықтар мен өзге де игіліктер мен артықшылықтарды қабылдауға тыйым салынатынын еске салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.