Немковтың жауыздығы
Забой іші тұнып тұрған қою шаң болатын. Дем алудың өзі қиын. 12-14 сағатқа созылған жұмыс үстінде тіреусіз забойдың төбесіне шытынап /жарыла төніп/ тұрған көмір породосының астында қалып қояр ма екеміз деп үнемі қауіптеніп жүресің. Оның үстіне соңымыздан жүрген бақылаушылардың бізге ақырған дауысы да ауаны жаңғырықтырады. Олар және шын болсын, өтірік болсын «аз кінәлі болдың» деп есептесе-ақ, шалажансар болғанынша сабайды. Николай Немков деген бақылаушы болды. Оның қолында үнемі қорғасыннан өзек салып өгіздің жон терісінен өргізген білеуіт қамшысы болады. Забойға түсті-ақ сол «құралын» қолданады.
Бір күні жұмыс аяқталған кез еді. Өн бойымыздан тер құйылып, шаршаған біздер аздап отырып дем алдық. Бір уақытта...