Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ұлғайтылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл денсаулық сақтау саласына 93 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Бөлінген қаражаттың үштен бір бөлігі 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеп келе жатқан міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне арналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.