Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық 22 жастағы Бекжан Бекболатұлы Лондондағы Huawei компаниясына жұмыс істеуге шақырту алған. Ол 2 қаңтардан бастап, Ұлыбританияда аталған мекемеде тәжірибеден өтуде. ҚазАқпарат тілшісі байланысқа шығып, Қазақстан программисінің қалай жұмысқа шақырту алғанын, алпауыт брендке қалай қызмет етуге болатыны туралы сұқбат алды.