Ақмола облысының әкімі өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс бабымен Сандықтау ауданында болды. Онда әкім Балқашин және Сандықтау ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.