Толғандырған ҰБТ
...Ал,енді көптен күткен ҰБТ да келіп қалды. Сіздің ойыңызға неше түрлі нәрселер келіп жатыр.Бір күн қалғанда тіпті,сіз толқып, қорқып, сасқалақтай бастауыңыз мүмкін, мұндай жағдайда терең тыныстап, еш уайымдамай ойыңыздан артық заттың бәрін алып тастаңыз, осы күнге дейінгі шыңдалғаныңыз дайындығыңыздың нәтижесін береді...
«ҰБТ - (Ұлттық Бірыңғай Тесттілеу) - жоғарғы оқу орынына, үлкен белестерге деген алғашқы қадам және шешуші сәт болмақ» - дейтіндер өте көп. Бірақ, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл ҰБТ-дан сүрінгенмен, бәрібір сіздің өміріңіз әлі алда, тағдыр сіздің әлі де шыңдалғаныңызды қалайды, сіздің сәл кідіріп, бітпеген істер болса, соны аяқтағаныңызды немесе сізге берілген сынақ деп түсініңіз. Алайда кейбіреу бар: «Мен ҰБТ-дан құлап қалдым, енді барар жерім, басар тауым жоқ» десе, кейбірі: «Мен неге өте алмадым, мен не істеп қойдым сонша?»,-деп,абдырап, не істерін білмей қалса, енді біреуі: «Амал-нешік,осылай боларын білгем, ауылда қалам, ары қарай не болады екен?»,-деп, өмірге қол сілтей салатындары да...