Павлодарлық бишілер Испаниядағы «Жерорта теңізінің аңызы» халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар Мектеп оқушылары сарайының «Блэйз» эстрадалық би студиясының ұжымы Испаниядан табысты оралды. Бишілер «Жерорта теңізінің аңызы» халықаралық фестивалінінде жеңімпаз атанып, үш бірдей бірінші орынға ие болды.