Облыстық прокуратура сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бетін ашты - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық санатында 75 қылмыстық іс қозғалса, биылғы жылы сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне 99 дерек тіркеліп, оның 51-і бойынша тергеу жүргізілуде.