«Bala Turkvision» байқауының қорытындысы бойынша қазақ тілінде 16 ән жазылады - Ә. Назарбаева
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Bala Turkvision Қазақстан» байқауының қорытындысы бойынша жазылатын қазақ тіліндегі әндер Қазақстанның мектептері мен балабақшаларында кең насихатталады. Бұл туралы бүгін Алматыда балалар ән байқауының кастингінде «Жандану әлемі» қорының жетекшісі Әлия Назарбаева мәлім етті.