Асхат Дауылбаев ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне қайта тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.