Отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.