Үкімет мойнына жүктелген әлеуметтік міндеттемелерді толық орындайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде тәуелсіздігінің 20 жылдан астам уақытының ішінде әлемдік аренада ойып тұрып орын алған қазақ елімен сауда-экономикалық байланыстарды былай қойғанда, саяси стратегиялық серіктестікті жолға қойып, алыс-берісті арттыра түсуге ынталы елдердің легі мол. Мәселен, күні кеше бір топ кәсіпкерін ерте келген Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен бірге Қазақстан-Үндістан бизнес форумына қатысып, елорда төріндегі Назарбаев Университетінде арнайы дәріс оқыды. Одан кейін Ақорда төрінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, 1 миллиардтан астам халқы бар үнді елінің Қазақстанмен барлық саладағы ынтымақтастықты еселей түсуге мүдделі екендігін жеткізді.