1 сәуір күні елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -1 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Тек шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, екпінді жел тұрып, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.