Бердібек Сапарбаев – Карантин шараларына қарамастан құрылыс бәсеңдемеуі керек
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы Жамбыл облысында ауқымды құрылыс көлемін жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда енгізілген карантинге байланысты шектеу шараларына қарамастан құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындардың резервтері мен мүмкіндіктерін нығайту қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.