ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өндіріс көлемін екі есеге өсірді (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады», деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысқан «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өткен жылғымен салыстырғанда, өндіріс көлемін екі есе арттыруға жетіп отыр.