Қазақстанда тағы 57 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 2 мамыр түнгі сағат 23.00-де коронавирус инфекциясы тағы 57 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 38, Жамбыл облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 8, Павлодар облысында - 4, Қарағанды облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Барлығы 3857 адамға вирус жұққан. 995 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3857 адам мына аймақта:
Алматы қаласы – 1278
Нұр-Сұлтан қаласы – 682
Қызылорда облысы – 210
Шымкент қаласы – 206
Қарағанды облысы – 154
Атырау облысы – 174
Батыс Қазақстан облысы – 165
Түркістан облысы – 134
Павлодар облысы – 150
Алматы облысы – 141
Жамбыл облысы – 146
Ақмола облысы – 100
Ақтөбе облысы – 122
Қостанай облысы – 50
Маңғыстау облысы – 62
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Шығыс Қазақстан облысы – 25