Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сүйкіміңді қашыратын кей кертартпа қылықтар

Адамды бір көргеннен танып-білу мүмкін болмағанмен, оның кейбір қылықтары мен әдеттеріне қарап ой түюге болады. Әсіресе алғашқы кездесуде адамның бұл әрекеттері айқын байқалады.

Кемшіліксіз пенде жоқ. Біздің әрқайсысымызда зиянды әдеттер бар. Мұның көпшілігі адам еркінен тыс жасалып жатады. Мәселен, біреулер тырнағын тістелегенді, біреулер таңдайын қаққанды, енді біреулер шашын саусағына орағанды жақсы көреді. Ал шын мәнінде мұның барлығы өзгелер үшін жағымды әсер қалдырмауы мүмкін, тіпті кей адамдар сіздің қылықтарыңыз бен әдеттеріңізден мезі болуы да ғажап емес. Олай болса сүйкіміңізді қашыратын кей кертартпа қылықтардан аулақ жүргеніңіз абзал.

Ерінді тістей беру

Кей адамдар әңгіме барысында ернін жиі тістей береді. Бұл – жақсы қылық емес. Әдетке айналса, жалақ дертіне шалдықтыруы мүмкін. Қазақта «жалақ кісі тілден жазар» деген сөз де бар.

Бет-ауызды тыжырайту Сөйлеп тұрғанда бет-ауызды тыжырайту – әдепсіздіктің бір белгісі. Сондықтан мұндай қылықты әдетке айналдырып алудан аулақ болыңыз. Белді таянып тұру Белді таяну – жағымсыз қылық қана емес, жаман ырым да. Себебі жақын адамы қайтыс болған жан ғана белін таянады.

Таңдай қағу

Таңдай қағуға болмайды. Бұл да – кертартпа қылықтың бір түрі. Үй ішінде таңдай қаға беру-жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.

Тырнақ тістей беру

Қолын аузына салып, тырнағын тістеуді әдетке айналдырған жандарды да көрген боларсыз. Біріншіден, бұл денсаулыққа зиян болса (микробтар тырнақта көп болады), екіншіден әдепсіздік саналады. Сондай-ақ тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді деген ырым да бар.

Қалтаға қол салып тұру Өзгелермен сөйлескенде қалтаңызға қол салып тұрудан сақ болыңыз. Бұлай жасау – әдепсіздік қана емес, сыйластықтарыңызға да сызат түсіруі мүмкін.

Шашты саусаққа орау

Қыздардың көп жасайтын қылықтарының бірі – шашын саусағына орауы. Ал әдетке айналса, жарасымды қылық деп бағалауға келмейді.

Қолды ерсілі-қарсылы айқастыру

Жұмысқа қабылдау кезінде, сұқбат барысында, болмаса әңгіме-дүкен құрғанда қолыңыздың қимылына абай болыңыз. Себебі өзге адамдар қолыңызды қалай ұстағаныңызға да мән береді. Егер қолыңызды ерсілі-қарсылы айқастырып, иығыңызды қапсыра құшақтап, басқа да қылықтар жасасаңыз, өзгелер үшін жақсы әсер қалдырмайсыз.

Бас шайқау мен тіс қайрау

Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.

Cаусақ сықырлату

Ғалымдар саусақ сықырлатуды зиян, болмаса пайдалы деп әлі күнге дейін дауласады. Ал әдептілік тұрғысынан алғанда, бұл да адамның мәдениетінен хабар береді.

Ал сіз бұл қатарға қандай жағымсыз қылықтар мен әдеттерді қосар едіңіз?

 Massaget.kz 

Сообщение Сүйкіміңді қашыратын кей кертартпа қылықтар появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *