Жаңа форматтағы жаңашыл семинар
Үздік өткізілген семинар
Жаңа форматта өткізілген жаңашыл семинар
2019 жылдың 8 қарашасында қалалық білім бөлімімен бірлесіп, Түркістан облысы, Түркістан қаласы «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінде жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу үдерісінде кері байланыс жүргізудің маңыздылығы және түрлері» атты қалалық семинар өтті. Семинар білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, оқыту құралдарын, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді.
Мектеп ұжымы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жоғары деңгейде өткізді. Семинарға қалалық мектептерден келген 60-қа жуық мұғалімдер қатысты.
Семинар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, қазақтың үш бәйтерегінің 125 жылдығына және мұғалімдердің шығармашылығына, оқушылардың қолөнеріне арналған көрмесінен бастау алды. Семинардың...