Түлкібаста отандық тауарды ұсынатын сауда орталығы ашылды - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында отандық тауарларды ұсынатын жаңа сауда орталығы ашылды. Аумағы екі мыңға жуық шаршы метр болатын сауда орнының сөрелеріндегі тауарлардың 80 пайызы отандық өнімдерді құрайды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.