Тұңғиықтың тұрғындары туралы жұмбақтар
Тұңғиықтың тұрғындары туралы жұмбақтар
Өзі алып кемедей,
Дауылдап ықпайды.
Су шашып,телегей
Мұхиттан шықпайды.
(Кит)
Басы доғал,
Мұрты бар.
Аузы апаңдай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды.
(Жайын)
Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Шақырады қорегін.
(Қармақшы балық)
Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен
Оңай ұстар қалқалап.
(Қарабауыр жайын)
Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.
(Желкенді балық)
Тұмсығы – қайықтың күрегі,
Аузымен шөп сүзіп жүреді.
(Ескектұмсық)
Майшабақпен сайыспай,
Үйіріп жүрер басқара.
Тұлғасы ұқсас қайыстай
Шұбатылған таспаға.
(Белбеубалық)
Қапталған сүйекті сауытпен,
Қорықпас ешқандай қауіптен.
Сойдиған тістері қашаудай,
Қорегін асаудай – ақ асайды...