Ресейде 13 мың гектар аумақта орман өртеніп жатыр
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат - 26 мамыр күні Ресей Федерациясында 64 орман өрті тіркелген. РФ экология және табиғи ресурстар министрі Дмитрий Кобылкиннің айтуынша, тілсіз жау шарпыған аумақтың жалпы көлемі 13 мың гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.