Жамбыл облысында үш полицей жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ірі көлемде пара алды деген күдікпен аймақтағы құқық қорғау органының үш өкілін ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.