1 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -1 маусымда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың қалған аумағында ыстық ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.