Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында
Әз Жәнібек хан, Жиренше оның бас уәзірі, әрі шешен, білгір адам болған. Олар 14-ғасырлар шамасында болған. Осы кездегі кәсібі теңіз жағасындағы Астархан қаласын салдырған сол әз Жәнібек хан деп айтады. Өзбек ханның тұқымынан болуы тиіс. Жиренше шешеннің әкесінің аты — Кеңес, әйелінің аты Қарашаш екен. Кеңестің ұлы Жиренше менен Құзғынның ұлы Көсе екеуі бір кісінің қыздарынан туған қарсы бөле екен. Жиренше шешендікпенен ханға, халыққа қадірлі болған. Ал Құзғынның ұлы Көсе өте жылдам қайымшыл, тапқыр кісі болған. Бірақ хан менен Жиреншеге бағыты қарсы, пікірі қосылмайтын. Қулық пен амал-айланың неше түрлісін ойлап білетін. Хан мен уәзірге де белгілі сақтанатын қауіпті адамының бірі...