Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел:
— Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, — депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де:
— Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел, — депті. Хан Жиренше кеткеннен кейін әйелді кеңсесіне шақырып сөйлесіпті. Ханға:
— Жұрт жатысымен келерсіз, — депті. Күн батқан соң Жиренше қайтып келіпті. Әйел бір үлкен сандыққа жатқызып, өзі іс тігіп отырыпты. Айтқан уақытта хан келіпті. Әйел:
— Сіз мені қинайын деп отырсыз ғой, бірақ мені жақсы көрмейсіз ғой, — депті. Хан:
— Сізді қатты...