Түркістанда Қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік өтті
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметкерлер қала көшелерін күл-қоқыстан тазартты. Барлық басқарма қызметкерлері облыс орталығындағы демалыс аймақтарының айналасын абаттандырып, ағаш түптерін әктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.