Жаңа маусымда «Астана» құрамында америкалық жас баскетболшы Адам Кемп өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуробаскеттің македониялық «Feni industries» командасында өнер көрсеткен америкалық жас спортшы Адам Кемп 2015/2016 жылдары «Астана» баскетбол клубының намысын қорғайтын болады. Клуб пен баскетболшы келісімшартқа қол қойды.